Оңтүстік Қазақстан облысында қызыл кітапқа енгізілген қырдың қызыл қызғалдағы гүлдеді. Дала гүлі әдетте сәуірде қауыз жаратын. Биыл өңірде көктем ерте шығып, өсімдіктер де мерзімнен бұрын ояна бастаған. Жалпы, әлемде қызғалдақтың 83 түрі ерекше қорғалатын өсімдіктер тізіміне алыныпты. Оның 63-і Орта Азия елдерінде ғана өседі екен. Ал Қазақстанның оңтүстігінде сол қызыл кітапқа енген қызғалдақтың 6-түрі кездеседі. Жылына бір-ақ рет гүлдейтін гүл Қаратаудың етегінде орналасқан Бәйдібек ауданы мен Алатауды  бөктерлей жатқан  Қазығұрт, Төлеби  және Түлкібас ауданының аумағында ғана өседі. "Қанша қорғаштасақ та көздің жауын алатын қызғалдаққа қызығып, жұлып алушылар қарасы азаяр емес", - дейді табиғат жанашырлары.

 

Хамит ЖОРАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Былтыр және алдыңғы жылы 6 жайт  бойынша іс қозғалып құқық қорғау орындарына өткізілген.ҚР ҚК 339 бабы бойынша бұл  қызғалдақтарды жұлғаны үшін  3 мың айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынады және 3 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

 

Сурет: otyrar.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер