Елімізде өтіп жатқан Парламент Мәжілісінің депутаттары мен жергілікті мәслихаттарды сайлауына орай ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өз таңдауын жасады. Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында орналасқан №99 сайлау учаскесінде дауыс берді.

 

Астанадағы Конгрес Холл ғимаратында да халық қарасы көп болды. Мұндағы 100 сайлау учаскесінде таңғы сағат тоғызда Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев та сайлауға қатысты. Парламенттің жоғарғы палатасының спикері бұл жолғы сайлауды тарихи оқиға деп атады.

 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Дүние жүзіндегі ахуал белгілі, құбылмалы, келешекте не болады бір құдай біледі. Бірақ біздің елімізде тұрақтылық бар, бұл Елбасының сарабдал саясатының арқасы. Сондықтан осы сайлауды пайдаланып біз бәріміз бір ел болып, біздің кемелдігімізді, тұрақтылығымызды бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Сондықтан бұл сайлау әділ, ашық болатынына еш күмәнім жоқ.

 

Таңғы сағат 9-да  Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова  ұлттық кітапхана ғимаратында сайлауға қатысты. Бұл жерде 89 сайлау учаскесі орналасқан.  Мемлекеттік хатшы: «бұл саяси науқан маған ғана емес, бүкіл халық үшін маңызды. Әрі бұл жолғы сайлау Ұлыстың үлы күні - Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келгенінің өзі  жақсы нышан» дей келе,  халыққа береке-бірлік, жақсы көңіл-күй тіледі.

 

Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Ел үшін маңызды күнде Наурыз мерекесін де тойлап жатырмыз. Бұл мереке жаңару күні деп есептеледі. Көңіл-күйім өте жақсы. Біз болашақ, тұрақтылық үшін дауыс береміз. Ел таңдайтын адамдар кәсіби шебер болсын дейміз.

 

 

 

Сурет: kapital.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер