Оқушылар ҰБТ-ны қайта тапсыра алады

Оқушылар ҰБТ-ны қайта тапсыра алады

Биыл мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуді екінші мәрте тапсыруға мүмкіндік алады. Яғни, ең төменгі бал жинаған оқушылар кезекті мәрте бағын сынап, ақылы бөлімге түсуі мүмкін. Бұл - балалар құқықтарын қорғау туралы заң жобасына енгізілген өзгеріс. Елімізде ҰБТ тапсырмайтын түлектердің қатары артуда. 2015 жылы олардың саны 46 мыңды еңсерген. Ал, ең төменгі деңгейге 1-2 балл жетпей қалғандар Ресей, Қытай елдерінің оқу орындарын таңдайды. Осылайша, өзге елдің білім беру жүйесіне қаржы салуда. Заң жобасына енгізілген өзгеріс- қалыптасқан мәселені шешуге сеп болмақ.

 

Ерлан САҒАДИЕВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Тест қиын. Сосын біразы Ресейге кетіп жатыр. Сол жерде тестсіз университеттер алып отыр біздің балаларымызды. Көп балаларымыз Қытай, Түркияға кетіп жатыр. Соны жөндеу үшін, екінші ЕНТ сондай мүмкіндік беріп отыр. ЕНТ сұрақтары 5 жылдың ішінде 25 пайыздан өзгере бастайды. Оған 5 жыл беріледі. Қазіргі уақытта біз екі деңгеймен балалардың мектепті бітіру, институтқа түсу, университетқа түсу екіге бөлінді. Өздеріңіз білесіздер бұрын біріңғай болған. Оның көп кемшіліктері бар. 10 жылдың арасында белгілі болды.

 

Тиісті заңға сәйкес, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың деректік базасы жасалады. Осы мақсатқа 120 млн теңге бөлінбекші. Үкіметтік емес ұйымдар базадан қажетті ақпаратта ала алады. Сонымен қатар, елімізде педофилдерге қарсы жаза күшейтілмек. 2018 жылдан бастап, оларға химиялық кастрация жасалады.

 

Ахан БИЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Оларға химиялық кастрация жасалады. Оның алдында соттың шешімімен жасалады оның барлығы. Содан кейін тиісті медициналық тексерулер болады. Біздің мәліметіміз бойынша осы мәселе жөнінде тиісті препараттар бар 1 жылға созылатын. Барара тиісті құқық, адами нәтижелер болады.

 

Сондай-ақ, бүгін Сенатта «Лотерея және лотерея қызметі туралы» заң жобасы қаралды. Құжатты дайындауда әлемдік тәжірибе ескерілген. Мысалы, көптеген шет елдерде лотереяны ұйымдастыру құқығы мемлекетке тиесілі. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия елдерінде жекеменшік нысандар арнайы лицензияның көмегімен ғана ұлттық лотерея ойната алады. Елімізде лотереяның үш түрін ойнатуға рұқсат берілді.

 

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Түскен қаржының 50 пайызы міндетті түрде ұтысқа түсу керек. Бізге ең керектісі, қалған 10  пайызы спортты дамытуға бағытталады. Салық төлеу комитеттен сұраған кезде 5 млрдқа жуық теңге салық түсімі түсіп жатыр. Ол өте аз. Жыл сайын бюджетке кез дегенде 30 млрд түсу керек.

 

Енді Қазақстанда ұтыс ойындарын өткізетін операторлар кірісінің 50%-ын ұтыс қорына салуға міндеттелмек. Яғни, әрбір екінші билетте ұтыс болуы шарт.

 

 

 


Сурет: kapital.kz