Жамбыл облысында 26 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды

Жамбыл облысында 26 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды

Жамбыл облысында былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 26 мың 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Нәтижесінде өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрап отыр. Алымбек Насыров - бағдарлама шапағатын көргендердің бірі.

 

Алымбек НАСЫРОВ,  КӘСІПКЕР:

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы несие рәсімдедім. Қаражатты көптен бері жоспарлап  жүрген ісіме салдым. Сол жаттығу клубы міне осы. Мұнда төрт бөлім бар. Жұрт үздіксіз келіп тұрады. Қазір жергілікті тұрғындардың салауатты өмір салтына бет бұрысы жаман емес. Осындай кәсіп бастап, ел игілігі үшін жұмыс істеп жатқан жайымыз бар.

 

Былтыр облыста аталмыш бағдарламамен осындай 300-дей кәсіпкерлік нысан ашылған. Қазір олар 500-ден астам адамды еңбекпен қамтып отыр. Сонымен қатар, биыл осы әлеуметтік салаға өткен жылмен салыстырғанда 5 пайыз көлемде артық қаржы қарастырылған.

 

Жорабек БАУБЕКОВ, ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Биылғы жылы 165 адам нұрлы жол бағдарламасы арқылы жұмыспен қамтылады деп отырмыз. Өзгеше бағдарламадан тыс 14 мыңға жуық бос вакансия жұмыс орындарына азаматтарымыз жұмыспен қамтылатын болады.

 

Былтыр осы бағдарламаға республикалық және жергілікті бюджеттен 722 млн теңге бөлінген. Ал, биыл бұл қаражат бес есеге артып, 4,2 млрд теңгені құрап отыр.

 

 

 

Сурет: orif.su