Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың Вашингтонға сапары Наурыз мейрамына арналған мерекелік шарамен қорытындыланды. АҚШ астанасында Ұлыстың Ұлы күнін тойлау игі дәстүрге айналған. «Наурыз КомИшн» үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы өткізген салтанатты шараға Ақ үй, Конгресс пен дипломатиялық корпус өкілдері қатысып, түркі елдерінің мәдениетімен танысты. Әсіресе өзіндік сән-салтанатымен көз тартар - қазақтың салт-дәстүрін насихаттайтын көрме қонақтардың назарын аудартты. Қазақстандық шеберлердің қолынан шыққан кәдесыйлар, қолөнер бұйымдары көпшілікке ұсынылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татты. Ал, Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова АҚШ-тың іскер топтарына Наурыз мейрамының ерекшеліктері жайлы айтып берді. Бүлдіршіндер де мұндай шарадан шет қалмады. Мерекелік жиын соңы балғындардың концертіне ұласты.

 

Маммад ТАЛИБОВ, ӘЗІРБАЙЖАННЫҢ АҚШ-ҒЫ ЕЛШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Елден жырақта жүрсекте Вашингтонда жыл сайын Наурыз мейрамы тойланады. Бауырлас қазақ халқын әзірбайжандықатрың атынан Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтаймын. Жыл жақсылығымен келгей. Наурыз құтты болсын.

 

Сондай-ақ, бүгін Мемлекеттік хатшы бастаған делегация Нью-Йоркке ат басын бұрды. Онда Гүлшара Әбдіхалықова әйелдер ісі жөніндегі БҰҰ 60-шы комиссиясы сессиясына қатысып,  БҰҰ жетекшілері мен халықаралық әйелдер қозғалысының көшбасшыларымен кездеседі.  

 

Сурет: kaztv.kaztrk.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер