Н.Назарбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Н.Назарбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Елбасының батыстағы сапары осыдан екі жыл бұрын Оралда ашылған Қазақстанда баламасы жоқ үй құрылысы комбинатынан басталды. Кәсіпорын жылына 50 мың шаршы метр панель әзірлеп, «Қолжетімді баспана» және ескі үйлерді сүріп, орнына жаңа үйлер салу бағдарламасына қатысуда. Нұрсұлтан Назарбаев өндіріспен жіті танысып, жұмысшылардың қал жағдайын сұрастырды.

 

Кәсіпкерлердің қолдауы арқасында өңірде әлеуметтік маңызды нысандар бой көтеруде. Бизнес өкілдері ұлыға тағзым ретінде жуырда мемлекетпен әріптестік негізінде Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдық мерейтойына орай - шаһарда Мәдениет және өнер орталығын ашқан. Аумағы 3 мың шаршы метрден асатын нысанда жазушының мұражайы мен жеке кітапханасы, 1125 орындық амфитеатр, бірнеше мәжіліс және көрме залдары жұмыс істейді. Нұрсұлтан Назарбаев өңірдегі ірі өнер ордасына айналған бұл ғимаратты да аралап, облыстың зиялы қауым өкілдерімен тілдесті.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қадыр Мырзалиевті мен жақсы білуші едім. Қалжыңдасып жүруші едік. Ол енді өте үлкен артында із қалдарған адам Қазақстанда. Өзінің өлеңдерімен, прозасымен, болмысыменен адамгершілік. Сондықтан мына салған үй өте жақсы. Хорошо что есть такой центр в котором могут встречатся все творческие люди. Я вот два года никак немог приехать. Заставил аэропорт сделать вот. Из-за того что я нажимал, сделали аэропорт видите.

 

Елбасының іс сапары кезінде жергілікті ассамблеяның «Ортақ тағдыр Нұрлы жол» атты тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына арналған форум ұйымдастырылды. Президент онда Тәуелсіздік жылдары еліміздің айтулы жетістіктерге жеткенін еске ала келе, Батыс Қазақстан өңірінің оған қосқан елеулі үлесін атап өтті.Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты. «Мерейлі мақсатым – мәңгілік ел» деп жүрекжарды тілектерін айтқан сахна шеберлері театрландырылған қойылым қойып, ән де шырқады.

 

 

 

Сурет: akorda.kz