Абайдың ән-күй мұрасына арналған көрме

Абайдың ән-күй мұрасына арналған көрме

Семейдегі Абай мемлекеттік қорық-мұражайында данышпан ақынның ән-күй мұрасын насихаттауға бағытталған көрме ашылды. Мұнда музей қорындағы 100-ге жуық жәдігер қойылған. Негізінен Абайдың шығармашылығына қатысты кітаптар, ноталар және күйтабақтар. Домбыра, қылқобыз, дауылпаз, асатаяқ сияқты ұлттық аспаптар да көрермен назарына ұсынылды. Мұнан бөлек, Абай әндерін халық ішіне кең таратқан жергілікті орындаушылардың жеке заттары да келушілерді қызықтырмай қоймайды. Музей қызметкерлері әрбір туындының шығу тарихы мен қатар соңғы кездері табылып жатқан Абай әндері мен күйлері жайлы да әңгімелеп беруге дайын екендіктерін жеткізді. 

 

Дархан КӨКЕБАЕВ, АБАЙ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 

Біздегі ең құнды жәдігерлердің бірі – Абайдың шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлының баласы Ахат Шәкәрімұлының шапаны. Және одан бөлек, өзіміздің әншіміз Мәдениет Ешекеевтің концерттік костюмі және өзіміздің Шәкәрім Құдайбердіұлының әндерін насихаттаушы Келденбай Өлмесековтың шапаны мен бөркі осы мұражайда экспозицияға қойылған.