287 халықаралық байқаушы мен шетелдік БАҚ өкілдері тіркелді

287 халықаралық байқаушы мен шетелдік БАҚ өкілдері тіркелді

Еліміздегі Мәжіліс депутаттарының сайлауын бақылау үшін тіркелген халықаралық байқаушылар мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жалпы саны - 287. Оның ішінде ТМД миссиясының, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық, Ислам ынтымақтастығы ұйымдарының мүшелері бар. Орталық сайлау комиссиясы шетелдік байқаушыларды 14 наурызға дейін аккредитациялайды.

 

Марат СӘРСЕМБАЕВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазіргі уақытта барлығы 45 елден 287 халықаралық байқаушы мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкілі аккредиттелді. Халықаралық байқаушылардың болуы - сайлау процесінің беделін арттырады және көбіне олардың жариялылығы мен ашықтығының кепілі болып табылады.

 

 

Сурет: 24.kz