Қытай мен Ресей бас қаламызда өтетін EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын растады, деп хабарлайды 24.kz.

 

Келелі келісім Астанада өткен EXPO-2017 көрмесіне келушілердің екінші жиналысында жасалды. Алқалы жиын аясында делегаттар әлемдік шараға дейінгі дайындықтарын егжей-тегжейлі пысықтады. Мәселен, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция сынды мемлекеттерге қалашық аумағындағы елімізден кейінгі ең ірі павильондар бұйырды.

 

EXPO-2017 қатысушыларының бұл жиналысы бір жылдан соң елордада өтетін әлемдік көрмеге дейінгі басты дайындық іспетті. Оның үстіне іскерлік алаңда 100-ге тарта мемлекеттен келген делегаттардың көкейтесті сұрақтары ортаға салынып, тиісті шешім шығарылады. Ал ұйымдастырушылар халықаралық көрменің жоғары деңгейде өтуіне қажетті дайындықтарын жан-жақты пысықтауда.

 

Басқосу барысында баламалы қуат көздеріне қатысты бастамалардың көптеп ұсынылу қажеттігі айтылды. Бұл салада әлем бойынша жетекші рөл атқаратын Ұлыбритания, Қытай, Үндістан сынды елдер мол тәжірибесімен бөлісуге дайын. Жалпы жер жаһандағы 75 мемлекет осы шараға қатысатынын ресми түрде растаған. Бүгін бұл келісімге Қытай мен Ресей қосылды. Енді осы алпауыт мемлекеттер EXPO қалашығында елімізден кейінгі ең ауқымды павильондарда «жасыл» технологияларын таныстыратын болады.

 

 

 

Фото: 24.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер