Қытай мен Қазақстан шекарасындағы Қорғас орталығы арқылы тасымалданған жүк көлемі қаңтарда 2,5 млн тоннаға жуықтады. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 18 пайызға көп. Тауар айналымы 6 млрд 895 млн юаньға жеткен. Іле-Қазақ автономдық округінің кәсіпкері Чжан Цзянь жеміс пен көкөніс экспортымен айналысады. Өткен жылы оның фирмасы Орталық Азия елдеріне 35 мың тонна өнім импорттаған.

 

Чжан ЦЗЯНЬ, ҚОРҒАСТАҒЫ САУДА КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз қазір Іле-Қазақ өлкесінен Ганьсу провинциясына алма мен пияз экспорттап отырмыз. Күніне, шамамен, 200 тоннаға дейін шығарамыз. Жақында Қазақстаннан 56 мың тонна жеміс пен көкөніске тапсырыс алдық.

 

Кәсіпкер Қорғас экономикалық даму аймағында енгізілген жеңілдіктер көп көмектесетінін айтады.

 

Лю ГОЦИНЬ, ҚОРҒАС КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

Қаңтар айында тауар айналымы 17.8 пайызға өсті. Негізінен Орталық Азиядан газ импорты ұлғайған. Сонымен қатар, көкөніс пен жеміс, халық тұтынатын тауарлар экспорты артып отыр. Сондықтан өндірушілерді қолдау үшін біз аталған тауарларға «жасыл дәліз» қызметін аштық. Енді олар шекарада бөгелмей, тұтынушыға тез жететін болады.

 

2015 жылдың өзінде қазақ-қытай шекарасындағы бақылау-өткізу пункті артқылы 25 млн 170 мың тонна тауар тасымалданған. Оның құны 12 млрд АҚШ долларын құрап отыр. 

 

 

 

Сурет: atameken.info

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер