Қазақстанда Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне жобаларды іріктеу басталды. Бұл күндері еліміздің энергетика министрлігінің өкілдері Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университінің технологиялық паркіне барып, тың жобалармен танысуда. Энергетиканың баламалы көздерін дамытуға бағытталған ғылыми жұмыстарға басымдық берілмек. Осыны қаперге алған Ертіс өңірінің жас ғалымдары ұсынған 20-ға жуық жоба мамандардың қызығушылығын тудырды. Көбі бірегей, өзге жобаларға ұқсастығы жоқ. Мәселен, тау-кен өндірісі қалдықтарын қайта өңдеу, автоматтандырылған басқару жүйесі, робототехника секілді жұмыстар бар. Олардың көбі зертханалық сынақтан өткен.

 

Дәурен ИСАБЕКОВ, ҒАЛЫМ:

Әрине, мына келесі жылы өтетін Қазақстанда ЭКСПО-2017 көрмесі енді жас ғалымдарға өте үлкен мүмкіндік береді, стимул береді деген сияқты деп айтуға болады. Немесе, мысалы, энергетикалық сұрақтар шешіледі бойынша айтуға болады. Экологиялық қауіпсіздік бойынша да, оны шешуге болады.

 

Алма ЖҮКЕНОВА, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл кеше-бүгін пайда болған жобалар емес. Біраздан жылдан бері дайындалған. Олар 4-5 жылдың ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Әрине, бұл қуанарлық іс. Аға буын өкілдерінің тың жобаларына жастар қауымы да араласуда.

 

 

 

Сурет: expo2017astana.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер