Қазақстан құрамасының Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарында киетін спорттық формалары көпшілік назарына ұсынылды. 31-ші жазғы ойындарға отандық дизайнерлер парадтық және спорттық үлгіде екі киім үлгісін әзірлеген. Парадтық форма жиынтығы классикалық ақ шалбар мен көк костьюм, сары галстуктан тұрады. Ал спорттық киімнің түсі қоңыр-сары. Бір айта кетерлігі, спортшыларымыздың киімі Қазақстанда жасалған және арнайы коммиссяның бақылауынан өткен. Сапасы да жоғары, дейді мамандар. Ал төрт жылдықтың басты бәсекесінің басталуына 168 күн қалды. Жаттықтырушылардың айтуынша, спортшыларымыз сақадай сай. Дәл қазір Қазақстанның 51спортшысы 12 спорт түрінен 48 жолдама ұтып алды. Жалпы, 25 спорт түрінен 100 лицензия алу жоспарда тұр.

 

Мырзағали АЙТЖАНОВ, БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

 

Әр Олимпиаданың алдында осы елдің сағатына ауа райына үйрену үшін ертерек барамыз. Сол жерде дайындығымызды жалғастырамыз.

 

Сурет: massaget.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер