Қазіргі күні 74 мемлекет "Экспо-2017" көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады. Тағы 15 халықаралық ұйым өкілдері шараға арнайы келуге ниет білдірген.  Халықаралық көрмеге қатысам деушілерге бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылып отыр. Сенаттың жалпы отырысында сәйкес заң қабылданды. Біріншіден, қатысушылар салықтан босатылады. Сосын кедендік кедергілер алынып тасталады. Бірақ, бұл біздің республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуімізге және басқадай шығын шығаруымызға әкеп соқтырмайды.

 

Рәпіл ЖОШЫБАЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Жеңілдіктер әрбір қатысушыға қарастырылған. Мұны ақпанның 24-25 күндері қатысушылармен өтетін кездесуде өздеріне түсіндіреміз.

 

Жеңілдіктердің бірі - шетелдік қонақтардың жүргізуші куәлігін бізде пайдалануға да рұқсат беру. Бұл мүмкіндіктерді ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап көрме аяқталғанға дейін пайдалануға болады. 2017-ші жылы елорда төрінде өтетін ЭКСПО көрмесіне 3 млн шетелдік турист келеді деп болжануда. Халықаралық деңгейдегі шарадан түсетін коммерциялық пайда €300 млн болады деп болжанып отыр. 

 

Сурет: ortcom.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер