Жыл соңында күллі әлем көз тіккен аса ірі кеніштердің бірі - Қашағандағы өндіріс іске қосылуы тиіс. Кен орнында экологиялық және өндірістік қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жайы Атыраудағы халықаралық форумда талқыланды. Каспий теңізі жабық су айдыны болғандықтан, оған сырттан кеме қатынасы арқылы көмек келмейді. Теңіздің тереңдігі, тұздылығы ондаған жылдар бойы қалыптасқан дүниежүзілік өндірістік тәжірибеге бағынбайды. Сол себепті, отандық құзырлы органдар Каспийдің төл табиғатына және географиялық ерекшеліктеріне сәйкес қауіпсіздік нормативтерін жасақтауы шарт. "Бұл заңнамалар тек өндірістегі қауіпсіздік қана емес, онда еңбек етіп жатқан адам өмірінің қауіпсіздігін де қамтуы тиіс", - дейді мамандар.

 

Жақсыбек КҮЛЕКЕЕВ, ҚМГ «ӨНДІРУ ЖӘНЕ БҰРҒЫЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» ҒЗИ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

 

Теңіздің жағдайында біз ең бірінші рет мына Қашағандағы мұнайды өндіргелі отырмыз. Сондықтан бізде әлі мына заң, нормативтік-құқықтық актілерді дайындауда көптеген кемшіліктер бар. Өйткені біз бірінші рет соған дайындалып жатқандықтан Қазақстан Үкіметінің, арнайы министрліктердің жасайтын шаруаларының бірі осы нормативтік актілерді жетілдіру, соларды бейімдеу. Өйткені дүние жүзіндегі дайындалған көптеген актілер.Каспийдің жағдайында жұмыс істемейді.  

 

Сурет: thenews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер