Жалға берілген Сарышаған полигонының 1 млн га аумағы қайтарылуы мүмкін - Kazakh TV

Ресейге жалға берілген қазақстандық сынақ полигонындағы жер телімінің бір бөлігі  қайтарылуы мүмкін. Сенат комитетінің отырысында екі ел арасындағы  Сарышаған полигонын пайдалану мен жалға беру шарттары жөніндегі  хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы талқыланды. Келісімде Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы әскери сынақ аумақтарынан 1 млн. гектардан астам жерді жалға беруден  шығару қарастырылған. Құжат қабылданса жалға беру төлемі 2 млн. 600 мың долларға дейін қысқармақ.  Жалпы Ресей Федерациясы 1996 жылдан бастап аталған полигонның 8 млн 300 мың гектар жер телімінде әскери сынақтар өткізіп келеді. Ол үшін $19 млн жуық қаржы төлейді. Өтем азайғанымен есесі артығымен қайтады дейді  Қорғаныс Министрінің орынбасары Оқас Сапаров. Босаған учаскілерде пайдалы қазбаларды өңдейтін жобалар жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ, әуе және жер көліктері  қатынастарының  қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін болады.

 

Оқас САПАРОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Сол жерде біз жаңадан жолдар салдық Самара-Шымкент. Теміржол салынды Жезқазған Бейнеу, сол жердің қауіпсіздігін ойлау үшін. Кейбір жерлер полигон аумағына кіретін.  Соны шығарып жатырмыз. Жанайбат деген жерде сутегі пайда болды, соны игеру үшін мемлекеттік органдарға беріп отырмыз.

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер