Австриялық бизнесмендер Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысуға ниетті. Бұл елде болашақтың баламалы энергия көзімен тығыз байланысты екенін жақсы біледі. Сондықтан ондаған компания күн, су, желден қуат алып, оны пайдаға жаратып, дамытып отыр. Көрмеде бұл компаниялар соңғы жетістіктерімен де бөліседі. Мұнда фотон элементтерінен қуат алатын көліктердің түр-түрі және өзге де бұйымдар бар. Ал ЭКСПО-2017 көрмесін австриялық бизнес өкілдері баламалы қауат көздерінің тарихындағы жаңа кезең деп атап отыр. 

 

Лукас ШТРАССЕР, ФОТОЭЛЕМЕНТТЕРДІ ӨҢДЕЙТІН КОМПАНИЯНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

 

Қазақстанда 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне міндетті түрде қатысамын. Себебі, бұл көрме - аса маңызды шаралардың бірі. ЭКСПО Қазақстанға баламалы энергетика көзін дамытуға айтарлықтай көмектеседі және жаһанда жаңа қуат көздерін табуда бұл шараның алатын орны зор екеніне сенімдімін.



Сурет: 24.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер