Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы $1 млрд жетті. Бұл туралы Қазақстандағы Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Эсенгул Омуралиев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда қазақстандық тараптың  импорттан экспорты басымырақ. Көрші елге астық, ұн, өсімдік майы, көмір, минералды шикізаттар тасымалданса, біздің нарыққа құрылыс материалдары, электр энергиясы, азық-түлік пен киім-кешек жеткізіледі. Жалпы, бүгінде қос мемлекеттің бизнес қауымдастықтары бірқатар жобаны бірігіп жүзеге асыруға белсене кіріскен.  500-ден аса бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп тұр.  Олардың қызметі негізінен инфрақұрылымдық және өңдеу өнеркәсібіне бағытталған. Қырғыз елшісі биыл қос елдің экономикалық ынтымақтастығы тереңдей түсетініне сенімді.

 

Эсенгул ОМУРАЛИЕВ, ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 

Биыл Бішкекте Жоғары мемлекетаралық кеңес өтеді. Онда Қазақстан мен Қырғызстан елдерінің басшылары әріптестікті нығайту бойынша бірқатар келісімге қол қояды деп күтілуде. Біз былтыр Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болдық. Бүгінде тиісті құжаттар рәсімделуде. Биылдан бұл бірыңғай экономикалық кеңістіктің тиімділігін іс жүзінде көреміз деп ойлаймын. Бұл экономикалық ынтымақтастық әлеуетінің артуына серпін беретін болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер