Қытай компаниялары еліміздегі нысандарды жекешелендіруге қатысуға ниетті екендерін білдірді. Бұл туралы ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй мәлім етті. Аспан асты елінің инвесторларын жекешелендірілетін нысандардың бизнеске тапсырылу талаптары қызықтыруда. Қазіргі таңда бірқатар шетелдік компания жергілікті нарық сұранысы мен экономикалық әлеуетті зерделеуде дейді елші. Сондай-ақ Чжан Ханьхуэй биыл Қытай мен Қазақстанның бірлескен кәсіпорындары еселенетінін тілге тиек етті. Жалпы бүгінде қос мемлекеттің бизнес қауымдастықтары 52 жобаны бірігіп жүзеге асыруға белсене кіріскен.  Бірлескен жобалар ынтымақтастық инфрақұрылымдық және өңдеу өнеркәсібіне бағытталмақ. Әріптестік негізінен ауылшаруашылығы, құрылыс, энергетика, мұнай өңдеу және азық-түлік салаларын қамтитын болады. Ортақ өндіріске көшу ісіне қытайлық тарап 24 млрд. доллар қаржы құюды жоспарлап отыр.

 

Чжан ХАНЬХУЭЙ, ҚЫТАЙ ХАЛЫҚТЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Басты жетістігіміз – өткен жылы Қытай қалаларынан Еуропа нарығына шығу үшін Қазақстан арқылы жаңа бағыттардың ашылуы. Бұл логистикалық дәліз әзірге қанатқақты бастама болғанымен өзінің тімділігін дәлелдеп үлгерді. Біріншіден кәрі құрлыққа жететін жол әлдеқайда қысқарып  уақыт пен тасымал шығыны   үнемделетін болды. Осы бағытта әріптестікті нығайта түссек Қазақстанның транзиттік әлеуеті артады. Бұл екі жаққада аса пайдалы жоба.

 

 

 

Сурет: altaynews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер