Тікұшақ апатына байланысты арнайы мемлекеттік комиссия құрылды

Тікұшақ апатына байланысты арнайы мемлекеттік комиссия құрылды

Алматы облысындағы тікұшақ апатынан қазақ тапқандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсетіледі. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі таратты. Ведомство басшысы Тамара Дүйсенова оқыс оқиға салдарынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

 

Сондай-ақ министрліктің хабарламасында тікұшақ апатына байланысты арнайы мемлекеттік комиссияның құрылғаны мәлім болды.  Ал, инвестициялар және даму министрлігі көлік прокуратурасымен бірігіп, санитарлық авиацияның әуе көліктерін тексеруге кірісті. Айта кетейік, тікұшақ қалдықтары мен бортындағы 5  адамның денесі бүгін таңертең Талдықорған әуежайынан 18 шақырым жерден табылды.

 

Қазір апаттан қаза болғандардың есімдері белгілі. Олар: ұшқыш Виталий Кондратюк, дәрігер-гематолог Қайсанова, фельдшер- Хамитова,  Қарлығаш Абылқасым мен оның кішкентай нәрестесі.  Экипаж мүшелері діттеген жерге жетуге 18 шақырым қалғанда тікұшақтың 500 метрге дейін төмендегенін хабарлап үлгерген.  Әуе техникасы 1997-ші  жылы шығарылған. 2018-ші  жылдың тамыз айына дейін қолдануға болатыны туралы құжат берілген.

 

Әуе көлігінің иесі "Аспан" әуе компаниясы апатқа қатысты мәлімдеме жасап, сәбидің өмірін сақтап қалу үшін  компания мен ұшқыш  бар күштерін салғанын жеткізді.  Әуе көлігінің құлау себебін компания  тиісті органдардың қорытындысынан кейін жариялайды. 

 

 

 

Сурет: timeskz.kz