«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне жоспарланған шығындар тағы 53 млрд теңгеге қысқартылмақ. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған «ЭКСПО» басшысы Ахметжан Есімов мәлім етті. Сөйтіп, үнемделетін қаржы көлемі 131 млрд теңгені құрамақ. Мұндай қомақты қаржыны ел қазынасында қалдыру топ-менеджерлер санын қысқартып, штаттық кестені 12 пайызға азайтудың нәтиежесінде мүмкін болған. Бүгінде көрмеге 70 мемлекет қатысатынын ресми түрде растаған. Олардың 35-і дамыған елдер қатарына кіреді. Жалпы, келуші мемлекеттер санын 100-ге жеткізу көзделуде. Қазір көрме құрылысында 230 қазақстандық компания жұмыс жасауда. Олармен 77 млрд теңгенің тауары мен қызмет түрлерін ұсыну жөнінде келісімшарттар жасалған. Ахметжан Есімовтің сөзінше, оңтайландыруларға қарамастан жоспарланған нысандардың барлығы толық салынады.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Дүние жүзі жұрттың бәрі қарап отыр. 70 ел келетін болды. Жиналыста айтқанбыз. Тапсырмалар берілген. Біріншіден, сол келетін адамдарды анықтап, екіншіден немен толтырамыз сол көрменің ішін. Үшіншіден Қазақстанның көрмесі немен толады. Сонан кейін қала қалай қарсы алады сол халықтың барлығын.  Барлығы дайын ба инфраструктура? Қай жерге келеді, қандай нәрсені көрсетеміз? Мәдениетімізді біздің. Қанша біздің жастар волонтер болып сол жерде көмектеседі. Тәжірибе алады, көреді. Үлкен жұмыс болайын деп тұр. Сонан кейін арғы жағынан финансовый орталық. Қарап отыр соған. Көрме біткеннен кейін ары қарай кетеді.

 

Ахметжан ЕСІМОВ, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Шет елмен де жұмыс жасап жатырмыз. Анау күні Давоста үлкен жұмыс жасалды. Осы біздің ЭКСПО туралы. Швецариямен қол қойылды. Соныменен жан-жақты көп мәселелер бар. Жаңа ғана өзіңіз айтқандай қалаға жаңа қонақ үйлері, жататын тұратын орыны. Оның логистикасы, қалай алып келіп, алып кету. Қауіпсіздік. Жаңағы билет бағдарламасы. Оны қазірден бастап кірісейік деп жатырмыз. Құрылыс жоспар бойынша жүріп жатыр.

 

Сондай-ақ, «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесінің қоғамдық кеңесі алғашқы отырысын өткізді. Атап өту керек, бұл құрылымның қызметі қаржыландыруды қажет етпейді. Толықтай қоғамдық негізде жұмыс істейтін орган құрамына журналистер, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері мен бизнес өкілдері енген. Бірінші кездесуде жылдық жоспар мен баламалы энергетика жобаларының санын арттыру мәселесі талқыланды.

 

Ерлан СЫДЫҚОВ, «ЭКСПО-2017» ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қоғамдық кеңестің басты мақсаты  атқарып жатқан жұмыстарға өзінің ұсыныстарын беру. Оны насихаттау, оған көмектесу. Яғни қоғаммен тікелей ұлттық компанияның жұмысын үйлестіру.

 

 

 

Сурет: akorda.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер