«ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесінің бюджетін қысқарту ұсынылмақ. Бұл туралы халықаралық көрме қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысында ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов мәлімдеді.

 

Ахметжан ЕСІМОВ, "АСТАНА ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Біз қазіргі жағдайды ескере отырып, бюджеттің тиімді жұмсалуын  қадағалауымыз керек. Елбасы шығындарды 78 миллиард теңгеге қысқартуды қолдады.  Енді тағы да азын-аулақ өзгертулер енгізбекпіз. Мұндай өзгерістерге қарамастан, жұмыс жоспардағыдай жүретін болады. 

 

Айту керек, алғашқы отырысқа жиналған қоғамдық кеңес қаржыландыруды қажет етпейді. Толықтай қоғамдық негізде жұмыс істейтін орган құрамына журналистер, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері мен бизнес өкілдері енген. Бірінші кездесуде жылдық жоспар мен баламалы энергетика жобаларының санын арттыру мәселесі талқыланды.

 

Ерлан СЫДЫҚОВ, «ЭКСПО - 2017»  ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қоғамдық кеңестің басты мақсаты – атқарып жатқан жұмыстарға өзінің ұсыныстарын беру. Оны насихаттау, оған көмектесу. Яғни қоғаммен тікелей ұлттық компанияның жұмысын үйлестіру.

 

 

 

Сурет: bnews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер