Қазақстандық өндірушілер үшін Ресей нарығына жол ашық

Қазақстандық өндірушілер үшін Ресей нарығына жол ашық

Отандық өндірушілер Ресей нарығына батыл қадам жасауда. Мысалы, Мәскеу мен Мәскеу облысында "Бауырсақ" атты қазақстандық тауарлардың дүкендер желісі ашылған. Қазақстанның сауда өкілеттігінің көмегімен биыл тағы 12 дүкен ашу көзделіп отыр. Отандық өнім өндірушілері тағы бір мүмкіндікке қол жеткізді. Мәскеулік ірі агрокластер аумағында "Оңтүстік Қазақстан" атты павильон іске қосылды. Бұл - ТМД -дағы ірі "Фуд Сити" кешеніне қарасты орталық. Демек, базадағы тауарлар бүкіл ТМД елдеріне жөнелтіледі. Орталық арқылы Мәскеу сауда-саттық айналымының 15 пайызы жүзеге асатын көрінеді. Бұл шамамен 2 млн. тонна азық-түлікке тең. "Оңтүстік Қазақстан" алаңында Оңтүстік, Батыс, Шығыс Қазақстан мен  Алматы және Жамбыл облыстарындағы 20-дан астам компанияның өнімі ұсынылған. Ұйымдастырушылар келесі жылы тағы "Казфуд" алаңын ашып, 100 -ге жуық өндірушінің өнімін ұсынуды көздеп отыр

 

Сапарбек ТҰЯҚБАЕВ, ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жерге әлемнің тұпкір-түпкірінен тауарлар жеткізіледі. Сол себепті бұл жобаға қызығушылығымыз зор. Біз де ұннан жасалған макарон, кондитерлік өнімдерді, ет, балық, өнімдерін, консервілерді ұсынып отырмыз. Жоба біздің өндірушілерге Мәскеу нарығына жол ашады. Себебі Ресей астанасының ірі сауда орталықтары мен мейрамхана желілері осы орталыққа келіп, келісм шартқа отырады. Ендігі мақсатымыз  - Мәскеуде отандық өнімдерді саудалайтын дүкендер желісін ашу.

 

Алексей ЖУРАВЛЕВ, «ФУД СИТИ» СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазақстан тарапымен бірнеше форумда бас қостық. Енді нәтижелі жұмыстың жемісін көрудеміз. «Фуд Сити» аумағында 30-ға тарта қазақстандық компания өз өінімдерін ұсынуда. Бұл кез-келген өндіруші үшін ұтымды болмақ. Өз кәсібін дамытуға негіз екені түсінікті.

 

 


Сурет: palata.kz