Швейцария Қазақстан елордасында өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысады. Аталған елге ұйымдастырушы тарап  550 шаршы мертді құрайтын павильон бөлген. Ал стендің ішкі рәсімделуі мен өзге де ерекшеліктерін әр ел өз қалауы бойынша безендіреді. Көрмеде Швейцария өзінің энергетика саласындағы соңғы жетістіктерін паш етпек. Бұл туралы «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ халықаралық қатынастар департаментінің директоры Әнуарбек Мусин айтты. Жалпы, қатысушыларға төрт түрлі жер көлемі қарастырылған екен: 350, 550, 750 және мың шаршы метр. Күні бүгінге дейін 70 мемлекет ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растады. Қазір Италиямен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

 

Әнуарбек МУСИН, «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз оларға өздерінің жетістіктерін көрсету үшін тегін түрде орын ұсынамыз. Ал оның ішкі құрылысы,стилистикалық әрленуі, ремонт пен экспонаттардың орналасуын олар өздері шешеді. Себебі көрме - бұл уақытша нәрсе емес.

 

 

 

Сурет: khabar.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер