Елімізде халықаралық байқаушыларды тіркеу басталды. Олар мәжіліс пен жергілікті маслихат депутаттарының сайлауына қатысу үшін Қазақстанға алдын ала өтініш жіберуі керек. Өзге мемлекеттер мен халықаралық ұйым өкілдерін тіркеу наурыздың 14-не дейін жалғасады. Бұл туралы еліміздің Орталық сайлау комисиясы мәлімдеді. Саяси науқан баршаға ашық. Шетелдік журналистердің де жұмыс істеуіне рұқсат етіліп отыр. Тілшілер қызметтік куәлігін көрсетіп, аккредиттеуден өте алады.

 

Татьяна ОХЛОПКОВА, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

 

Шетелдің тиісті органдарына сайлауға байқаушы болып қатысу туралы хабарлама жібердік. Қазірдің өзінде 18 мемлекет шақыртумызды алды. Бұл -  ТМД, Үндістан, Латвия мен Малайзия.

 

Сурет: www.minber.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер