Елбасы академик Кенжеғали Сағадиевті қабылдады

Елбасы академик Кенжеғали Сағадиевті қабылдады

Ақордада отандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев академик Кенжеғали Сағадиевті қабылдады. Кездесуде елдің экономикалық саясатының негізгі бағыттары сөз болды. Елбасы әлемдік экономика мен геосаяси ахуалға орай ел ғалымдары пікір білдіріп, өз шешімдерін ұсынуға тиіс екенін айтты. Бұл орайда Кенжеғали Сағадиев ғалымдардың өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінетінін жеткізді. Қазіргі күрделі кезеңде қоғамға қызмет етуді кәсіби борыш санайды. Академик Ұлт жоспарын жүзеге асырып, оның әлеуетін барынша пайдалану тиістігін алға тартты. Бұл үрдіске барлық жұртшылықты белсене қатысуға шақырды.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Мынандай қазіргі алмағайып жағдайда дүниеде болып жатқан экономикалық ахуал, саяси ахуал ғалымдардың айтатын сөздері болу керек. Өзіңіз көріп отырсыз дүниедегі өткен дағдарысты айтқан кезде Румыния да үндемейді, нобель лауреаттарының ешқайсысы да үндемейді. Ешқайсысы бүгін сараптама айтып, не болып жатыр, қалай шығу керек деген жоқ. Ең ұлы мемлекеттер дүниежүзінің халқын ұстап отырған ешқайсысы бірігіп жұмыс істеудің орнына таласып жатыр. Лаңкестіккпен күресуде бірікпесе бұдан түк шықпайды. Осының бәріне біздің Ғылым академиясының, ғалымдардың пікірлерін ойланып-ойланып айтатын сөздер болу керек.

 

Кенжеғали САҒАДИЕВ, АКАДЕМИК:

 

Бізде солай өзіміздің жауапкешілігімізді осылай деп есептейміз. Дұрыс айтатын пікірлеріміз бар. Жалпы мынау қазақ азаматтарының осындай сын сағатында сіздің туыңыздың астында табылу - бізге парыз. 

 

Сурет: www.planetofhotels.com