Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының әкімін қабылдады. Бердібек Сапарбаев өңірдің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады. Айтуынша, экономикалық қиындықтарға қармастан облыс өрге басып келеді. Ендігі мақсат Мәжілістің кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

Бердібек САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мен мемлекет басшысына берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндадым. Ең негізгі тапсырма, қандай бір экономикалық қиыншылықтар болмасын дамуды төмендетпеу. Соның арқасында халықты жұмыспен қамтып, әл-ауқатын жақсарту. Қазіргі таңда ол жөнінде Ақтөбе облысында тапсырмалар толығымен орындалды. Тағы бір үлкен тапсырманың біреуі ол мынау бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу. Қазір енді біз барлық мүмкіндіктерді пайдаланып ең негізгі әлеуметтік маңызы бар 33 тауардың бағасын көбейтпеуге жұмыс жасап жатырмыз.

 

Сондай-ақ, Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында   Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин де болды. Президент өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуын тыңдай отыра, облыстар арасында өзара тауар алмасуды күшейту қажеттігін қадап айтып, әр өңірде өндіріс пен тұтыну теңгерімін жүргізу керектігін кезекті рет қаперге салды. Ал Кулагин өз кезегінде азық-түлік тауарлары бағасының өсімін тежеу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы тілге тиек етті.

 

Сергей КУЛАГИН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мен Мемлекет басшысына Ақмола облысының  әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндадым.2015 жылы атқарылған істерді пысықтап алдағы жоспарларыммен бөлістім. Әлеуметтік нысандар мен «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысты көптеген сұрақтар болды, біз алға қойылған міндетті мінсіз атқаруға барымызды саламыз.

 

 

Сурет: akorda.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер