ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың күнтізбелік жоспарын бекітті

ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың күнтізбелік жоспарын бекітті

Орталық коммуникациялар қызметінде Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Онда осы Парламент мәжілісі өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты өткізілмек науқанға қатысты барлық жоспар баяндалды.

 

Қуандық ТҰРҒАНҚҰЛОВ, ҚР ОСК ТӨРАҒАСЫ:

Шамамен  8  млрд теңге Мәжіліс пен мәслихатты бірлесе өткізуге жоспарланған. 4,8 млрд теңге ол шартты үнемдеу болып табылады. Бұған біз  Мәжіліс пен мәслихат тарапынан үнемдеу арқылы қол жеткіземіз.Біз сайлауды жеке жеке өткізсек қыраура шығын шығар еді.

 

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаржылық қысылтаяң уақытта арнайы жасалып отырған шара - мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын 20 наурызда өткізу туралы қаулыға қол қоя сала іле-шала Орталық сайлау комиссиясы алғашқы отырысын өткізді. Комиссия мүшелері күнтізбелік жоспарды бекітіп, сайлау нысандарын белгілеу туралы құжатқа қол қойды. Сондай-ақ олар Президент жарлығымен тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын сайлау науқанын ұйымдастыруға қажетті құжаттардың үлгілерін бекітті. Осыдан бір апта бұрын қаңтардың 13-і күні депутаттар мәжілісті мерзіміннен бұрын тарату туралы өтінішін Елбасына жолдаған болатын.

 

Бақыт МЕЛДЕШОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Еліміздің Конституциялық заңының сайлау жөніндегі 12 бабының 1 тармақшасына сәйкес Елбасының жарлығына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы сайлауды өткізу туралы қаулыны қабылдап отыр. 20 наурыз күні өтетін партиялық тізімдер бойынша депутаттарды сайлау және 21 наурызда Қазақстан Халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттардың кезектен тыс сайлауын өткізу туралы барлық құжаттар заң нормасына сәйкес бекітіліп отыр.

 

 

 

Сурет: baq.kz