Жастар туристік маршруттарды дамытуға үлес қосуда

Алматы облысында туристік маршруттарды дамыту картасы  жасалды. Оған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйытқы болды. Жетісу өңірі тамаша табиғатымен танымал. Оның көркем көріністерін насихаттау арқылы еліміздің туристік әлеуетін арттыруға болады,-дейді өңір ерекшеліктері жайында бейнефильм түсірген жастар. Олар облыстың 16 ауданы мен 3 қаласын түгел аралап, ең көрікті жерлерді кинокадрларға түсірген. Әр аймақтың танымал азаматтары да назардан тыс қалмаған. Сайып келгенде мұның барлығы ел мен жерді көпшілікке кеңінен таныстыру және туризмді дамыту мақсатында жасалуда. 

 

Әділбек ӘБІЛОВ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОПТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

Болашақта біз тағы да шығамыз. Тағы да түсіреміз. Бірақта осы біздің облысымызбен ғана қамтылмай біздің республикамыздағы басқа да облыстарға баруды жоспар етіп отырмыз.

 

Сурет: all-pix.com