Халықаралық қатынастарға қатысты 5 заң жобасы мақұлданды

Халықаралық қатынастарға қатысты 5 заң жобасы мақұлданды

Қазақстан мен Чехия мемлекеттерінің аумағына заңсыз өткен адамдар өз елдеріне қайтарылатын болады. Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі арасындағы заңсыз келген адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. "Келісімді ратификациялау халықаралық құқыққа сәйкес. Әрі заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді" - деді заң жобасын таныстырған ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. Бұдан өзге күн тәртібінде 4 заң жобасы қаралып, барлығы да мәжілісмендер тарапынан мақұлданды.  Құжат енді Парламент Сенатына жолданады. 

 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 

Біраз мәселені қарадық. Бірнеше заң жобасын жұмысқа алдық. Сондықтан шешім қабылданғанша біз өзіміздің жұмысымызды атқарып жатырмыз.

 

Сурет: thenews.kz