Астанада ауласындағы қарды тазаламаған 67 кәсіпкер 3 млн теңгеден аса айыппұл төлейтін болды. Полицейлер "бұл шара - бизнес өкілдерінің тазалыққа жауапкершілікпен қарауына сеп болады", - дейді. Күн сайын табиғатты қорғау бөлімінің қызметкерлері арнайы рейдке шығып, заң бұзушыларды анықтайды.

 

Ерлік ЖАМАНГӨЗОВ,  АЛМАТЫ АУДАНЫ АІІБ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

 

Жыл басынан бері барлығы 204 құқық бұзушы тіркеліп, жауапқа тартылды. Олардың іщшінде 67-сі орта және шағын бизнес өкілдері. Сонымен қатар жеке тұлғалар, мердігерлік ұйымдар да қарды уақытылы тазаламаған.  16 пәтер иеленушілер кооперативі де айыппұл төлеуге мәжбүрленді.

 

Соңғы аптада қар тым көп мөлшерде жауғандықтан, қаланы тазалау қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Мәселен, бір ғана "Астана тазалық" компаниясына тиесілі 1160 техника жұмылдырылды. Қазан айынан бастап кәсіпорын жұмысшылары 1 миллион 400 текше метр қарды қала сыртына шығарған.

 

Алтын НҰРЖҰМИНА, "АСТАНА ТАЗАЛЫҚ" ЖШС ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 

Біз қарды тазалау жұмыстарын 27 қазан күні бастадық. Қаланың 3 ауданына тиесілі 3 жер бар. Қарды сонда апарамыз. Ал қыс мезгілі аяқталғаннан кейін ол орындарды тазартып барлық қалдықтарды жинап, полигонға жібереміз.

 

Сурет: www.profpark.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер