Шығыс Қазақстан облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында тілі мен есту қабілеті нашар жандарға сурдо аудармашылар қызмет көрсетеді. Ол үшін орталық қызметкерлері үш ай арнайы мамандардан шартты белгілермен сөйлеу курсынан өткен. Енді сол білімдері арқылы құжат жөндеуге келген саңырауларға көместесіп  жүр. Жалпы облыста 20 мыңға жуық есту қабілеті нашар адам тұрады. Сондықтан үкіметтік емес ұйымдар осындай орталықтарда сурдо аудармашыларды даярлауды қолға алған. Нәтижесінде соңғы екі жылда өңірде 18 адам тегін сурдо аудармашылық  курсынан өткен. Ал биылдан бастап онлайн жүйесі бойынша қашықтықтан оқыту қолға алынған.

 

Елена БАУС, ОБЛЫСТЫҚ САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 

Қашықтан оқыту әдісі бұл ең тиімді тәсіл қаражат та шықпайды. Біз аранйы тапсымалар  мен сабақтар  жазылған бейнематериалдар жібереміз. Одан соң сол бойынша емтихан тапсырады.

 

Ұлпан БҰЛАНОВА, ХҚКО ИНСПЕКТОРЫ:

 

Үш ай оқығанымыз арқасында сурдо аударманы білеміз.Аудара  аламыз, келген кісілерге.Құлағы естімейтін, сөйлей алмайтын адамдарға. Негізгі қызмет құжаттарды қабылдау.

 

Сурет: femto.com.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер