Бүгін - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Бүгін еліміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтуде. Дәстүрге сай,  Президенттік штандарт көтеріліп, жер-жерлерде әр түрлі шаралар  өтуі белгіленген.  Ал кешке Елордада жаңа жылдық бас шыршаның шырағданы жағылады. Жалпы 2012 жылдан бері тойланып келе жатқан атаулы мерекенің шығу тарихында да ерекше мән бар. Сонау 1991 жылдың бірінші желтоқсанында Қазақ елінде алғаш рет Президент сайлауы өтіп, халықтың зор сеніміне ие болған Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысын иеленіп, жеңіске жеткен еді. Демек сол күн тарих сахнасына Қазақ елі атанған тәуелсіз елдің көтерілгенін паш еткен сәт. Дүние жүзі сол күннен бастап Қазақстанмен санасатын болды. Біздің ел  әлемдік державалармен бір саптан орын сайлап, жаһандық мәселелерді шешуге солармен бірге ат салысу мәртебесіне ие болды. Айтулы күнді ұрпақ жадында сақтау да маңызды.

 

 

Сурет: calend.ru