Қазақ жыраулар поэзиясының алыбы Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына биыл – 350 жыл. Өзінің 100 жылдан астам ғұмырында ол тоғыз ханға кеңесші болған. Ұзақ жылдар бойы Абылайханға ақыл айтып, Тәуке ханның тұсында қабылданған «Жеті жарғы» әдеп-ғұрып заңдарының жинағын құруға қатысқан. Бабаның мерейтойы Ұлытау баурайында басталды. Жезқазғанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Бұқар жырау және ұлттық идея» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, оның өшпес асыл мұралары насихатталды. Көмекей әулие кез келген жырында елді ауызбіршілікке шақырады, ізгілікке үндейді. «Бүгінгі «Мәңгілік ел» идеясы да сол бабалар үнімен сабақтасып жатыр», – деді алқалы жиынға қатысқандар. Бұқар жыраудың осыдан үш ғасыр бұрын айтып кеткен асқақ рухты, терең ойлы толғаулары әлі күнге өзектілігін, өміршеңдігін жоймаған.

НҰРСАХАН БЕЙСЕНБЕКОВА, ТАРИХШЫ:

 - Бұқар жырау бабамыз елді бірлікке, ынтымаққа шақырған. Бүгінгі күні Президенттің ұстап отырған саясаты елдің бірлігі, тұтастығы жайлы тіршілік болса, соның барлығын Бұқар жырау кезінде айтып кеткен. Егер біз рухани жаңғырамыз десек, осындай бабаларымыздың шығармаларын оқуымыз керек. Насихаттау керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер