Маңғыстау – киелі мекен. Бүгінде өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Теңізге төнген мекеннің әр тасында тарих тұнып тұр. Ал 362 әулие мен қасиет қонған орданың аңыздары бүгінде том-том кітапқа арқау болды. Кітап 4 тілде жарық көрді.

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ,  МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Шетелдерден бізге көп келіп жатады. Өткенде 270 адам 7 мемлекеттен келді. Бір де біреуі теңізге барған жоқ. Бәрі біздің қасиетті киелі жерді 10 күн ішінде аралап, әрең шығарып алдық десек артық айтпаған болар еді. Өйткені біздің жердің табиғаты, бір Үстірттің өзі неге тұрады? Осындай қасиетті жерлерді бүкіл қазақ баласы білу керек.

Алаш абызы Әбіш Кекілбаев Маңғыстауды ашық аспан астындағы мұражай деп атаған. Келер жылы жазушының 80 жылдын түркі әлеміне ортақ оқиға ретінде атап өту туралы ТҮРКСОЙ ұйымына ұсыныс жолданды. Ал туған жерінде арнайы орталық ашу жоспарланып отыр. Бүгінде облыс мектептерінде «Әбіштану» сыныптары ашылып жатыр. Айта кетейік, Маңғыстау өңірінде абыз тұлғаның есімі берілген оқу кабинеті 15 мектепте бар.

ДИНА КҮЛМИХАНОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

 - Кабинетті ашудағы негізгі мақсатымыз – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орайластырып жасақталып отыр. Біздің оқушыларымыз шығармашылығын әрі қарай дамыта алады. Бұл кабинетте танымдық ойлары, көшбасшылығы дамиды деп ойлаймын.

КЛАРА ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ, ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ ЖҰБАЙЫ:

 - Жаңа ашылған кабинетті өте жақсы бастаған болатын. Мына суреттерге қарап, Әбіштің кімдермен кездесіп, сөйлескені, кімдермен жолдас болғаны барлығы көрініп тұр. Кабинетке келгенде Әбіштің шығармаларының көпшілігін көріп, соларды оқып біле алатындары мені өте қуантып тұр. Әрі қарай балалар жетісе берсін, жалғастыра берсін.

Қабырғаға ілінген әр фотосуреттің тарихын смартфон камерасын бағыттау арқылы тыңдауға болады. Сондай-ақ оқушылар Әбіш Кекілбаевтың электронды кітапханаға жинақталған туындыларын ұялы байланыс құралының көмегімен оқи алады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер