Қазақ жастары үшін жаһандық іргелі оқулықтар қолжетімді болмақ - Kazakh TV

Қазақстандық ағарту ісін ғаламдық деңгейге көтеру. Жыраққа шауып, жат жерде білім қуған ел жастары енді кіндік қаны тамған топырағынан аспай-ақ ілім-ғылым әлеміне еркін құлаш сермей алады. Қазақ жастарына жаһандық іргелі оқу ордаларының студенттері қолданатын оқулықтар қолжетімді болмақ. Бұл «Жаңа гуманитарлық білім. «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жемісі. Оның аясында дүниежүзілік сұраныстағы еңбектердің алғашқы легі  мән-маңызын жоғалтпай, тікелей түпнұсқадан тәржімаланған.

МАҚСАТ ДҮЙІСМАҒАМБЕТОВ, «ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖОБАСЫНЫҢ ӘДЕБИ РЕДАКТОРЫ:

- Әдеби редактор ретінде ғылыми тілмен жазылған және ағылшын тілінің кейбір орамдары сақталып аударылған мәтіндерге қазақша рең, қазақша бояу беруге, оны оқыған студен басқа бір шет ел авторының кітабын емес, өзіміздің төл туындымызды оқығандай әсерде болуына барынша күш салдық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер