«Алтынемел» мемориалды кешені жанындағы қонақ үй кешені қалпына келтірілмек - Kazakh TV

Белгілі этнограф-ғалым Шоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды кешені – ерекше сәулет ескерткіші. Мұражайдың іргетасы 1985-ші жылы саяхатшы, ағартушы-ғалымның 150 жылдығына орай қаланған. Іші қазақ үй үлгісінде жасалғанымен, сыртынан беті ашық кітапқа ұқсайды. Ал әуеден бес жұлдыз сияқты көрінеді. Мұнда ғалымның жеке заттары мен қолжазбалары, экспедиция кезінде жасаған сызбанұсқа және карталары қойылған. Қойдың жүнінен жасалған мына суретті түс кілем де еріксіз көз тартады. Онда ұлы саяхатшының жүріп өткен жолы бейнеленген.

МАРЖАН ЖАҚЫПБЕКОВА, ЭКСКУРСИЯ ЖЕТЕКШІСІ:

- Осы жақында Москва қаласынан «Звезда» телеканалынан келді. Көптеген елдерден, Кореядан, Швециядан келеді. Шет елдерден көптеген туристер келіп тұрады бізге. Бізге жылына екі мыңдай  кісі келеді.

Шоқан Уәлихановтың мемориалды кешеніне, әсіресе, жазушылар мен тарихшы, географ ғалымдар көптеп келеді. Саяхатшылар мен ізденушілерге қолайлы жағдай туғызу үшін мұражайдың жанындағы қонақ үй кешені қалпына келтірілмек.

СӘУЛЕ ӘБІШЕВА, «АЛТЫНЕМЕЛ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕМОРИАЛДЫ МУЗЕЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Осы қонақ үйді сапар орталығы жасасақ деп жоспарлап жатырмыз. Осы сапар орталығынан демалыс орындары және ғылыми-зерттеу бөлімін, әкімшілік орындарын, кітапхана, архивтер ашсақ деп көзделіп отыр.

2013 жылы Шоқан Уәлихановтың кесенесі қайта қалпына келтірілді. Жақында саяхатшылар орталығын ашу ісі қолға алынбақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер