Талдықорғанда «Ермек батыр» атты ең алғашқы отандық комикс көпшілікке таныстырылды - Kazakh TV

Талдықорғанда «Ермек батыр» атты ең алғашқы отандық комикстің көпшілікке таныстырылымы өтті. Суретпен салынған хикаяның авторы – Мәдибек Мұсабеков. Жас суретші «Ермек батыр: ұмытылған уақыттар аңызы» атты графикалық романында қазақ мифологиясы мен тарихи деректерді ұштастырып, оны ең алғашқы ұлттық комикске айналдырды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада келушілер қазақтың салт-дәстүрлеріне негізделген «Қазақ хандығы» деп аталатын жаңа ойынды да ойнап көрді.

ДИНАРА ӘСЕТБЕКОВА, ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 - Балаларға өте қызық болды. Келе салып, ойынға отырғаннан бастап, кеш біткенге дейін балалар тұрмай ойнады. Өте қызық ойын болды және біздің қазақстандық комикстер болды. Әлемде жалған геройлар, қаһармандар көп. Ал бізде Ермек батыр деген өзіміздің қазақтың батыры, қаһарманы бар. Ол комикс ретінде суретке салынған хикая болып табылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер