Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі XIX ғасырдағы қазақ ауылына шақырады. «Бабалар мұрасы» этнографиялық жобасы келушілерді қазақтың ежелгі салт-дәстүрімен таныстырады. Ол үшін ортаға қазақтың киіз үйі тігіліп, артистер шақырылыпты. Олар көне ғұрыптардың мәні туралы көрнекі түрді баяндап, ұлттық тағамдардың жасалу жолдарын көрсетеді. Киіз үйдің ішін безендіруге музейдегі экспонаттар қолданылыпты. Мұндағы кей дүниелер екі ғасыр бұрын пайдаланылған. Жоба аясында қазақтың сәндік қолданбалы қолөнер түрлері де көрсетілді.

ЗӘУРЕШ ТЕБАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Бұл жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Біз қазақтың материалдық мәдениетін көрсеттік. Музей қорында XIX ғасырға тән экспонаттар бар.

МЕЙРАМГҮЛ БАЙДҮЙСЕНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - XIX-XX ғасырдың басындағы қазақтың қолданған қолөнер бұйымдары, қолданбалы өнер бұйымдары, мысалы диірмен, күбі сынды жәдігерлер қойылған. Аталған жәдігерлерді көрермендер күнделікті көре бермейді, осындай ұлттық мерекемізге арнап мұражай қорынан алып шығарып, ұсынып отырмыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер