Қытайда Қазақстанның Халық әртісі Айман Мұсаходжаеваның концерті өтті - Kazakh TV

Қытайда Қазақстанның Халық әртісі Айман Мұсаходжаеваның концерті өтті. Классикалық музыка кешіне билеттер бір апта бұрын толығымен сатылып кеткен. Тіпті «Cadillac Shanghai Concert Hall» залына келген қытайлық көрерменнің көп болғаны соншалық, ұйымдастырушылар қосымша орын әзірлеген. Аспан асты елінің көрермендері біздің өнерпаздың талантына тәнті болды. Кеш соңында Айман Мұсақожаева Евгений Брусиловскийдің «Бозайғырын» орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Жалпы, Шанхай филармониясының басшылығы біздің елмен бірлескен мәдени шараларды көптеп өткізуге, қазақ өнерін кеңінен насихаттауға ниетті. Ал аталмыш іс-шара «Қазақстан-Қытай, достық жырына жазылған Ұлы Жібек жолының әуені» деп аталып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  аясында өткізілді. Оған Қазақстанның Шанхайдағы Бас консулдығы мен Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетті.

ЛИ ШЫБО, КӨРЕРМЕН:

 - Мен классикалық музыканы жақсы көремін. Айман Мұсаходжаеваның шығармашылығымен жақсы таныспын. Дегенмен бүгінгі концертте тың туындыларын тыңдап, ерекше ләззәт алдым.

АЙМАН МҰСАХОДЖАЕВА, ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

 - Біздің үлкен жоспарларымыз бар. Кеше Шанхай консерваториясының ректоры Лин мырзамен жолықтық. Ол бізді осындағы концерт залында симфониялық студенттер оркестрімен келіп өнер көрсетуге шақырды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер