«Рухани жаңғыру»: Қарағанды облысында 2022 жылға дейін 431 жоба жүзеге асады - Kazakh TV

Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2022 жылға дейін 431 жоба жүзеге асады. Олардың басым бөлігі бизнестің әлеуметтік бастамасына бағытталған. Бұл мақсатқа 12 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр. Осы ретте кенді өңірде арнайы сараптама кеңесінің мәжілісі өтіп, бірқатар жобалар ұсынылды. Өтінімнің көпшілігі спорт кешендерін салу, абаттандыруға көңіл бөлуге қатысты.

ГҮЛНАР ҚҰРБАНБАЕВА, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

 - Көшені абаттандыру тұрғындардың демалыс деңгейі мен жасөсіпірімдер арасындағы спортты дамытуға бағытталады. Біз айналамыздың әдемі болуын, жарқырап тұруын қалаймыз. Біз 280 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл ретте 10 мыңдаған іс-шара ұйымдастырылмақ.

Кенді өңір Киелі Қазақстан жобасына да ерекше көңіл бөліп отыр. Облыс аумағындағы көрікті жерлер мен тарихи тұлғалардың өмір жолын көпшілікке танытуға басымдық берілуде.

Ал Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» аясында былтыр 97 жоба жүзеге асырылыпты. Оның жартысына жуығы мәдениет саласы бойынша атқарылған. Ал биыл облыс орталығының өнерпаздары мен мұражай қызметкерлері клубы жоқ ауылдарға іссапармен барып, дала театрын ұсыну, Бурабайда «Біржан-Сара» операсы қою сынды шаралар жоспарда. Осылайша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» бағыты бойынша 55 жоба іске асырылып, 2020 жылға дейін 4,5 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалады. 

СӘУЛЕ БӨРБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Келесі бір көлемді жобамыз «Жас тұлпар» деп аталады. Бұл әдеби жоба, жас ақындардың басын қосады. Олармен түрлі іс-шаралар өткізіледі. Одан кейін «Жас ғабдуллиншілер» атты жобамыз да бар. Бұл арқылы Қазақстандағы Мәлік Ғабдуллин атындағы сегіз мектептің балалары, батыр бабалары жайлы жазған ғылыми жұмыстарын таныстырады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер