Жер жәннаты Жетісудың табиғаты мен тарихи мұралары енген электронды картаның өңірге туристерді тартуда септігі мол болмақ. Жобаның мәліметтер жинағына әзірге Алматы аймағындағы үлкенді-кішілі мыңнан астам нысан енгізілді. Келешекте ол толықтырылып, аймақта орналасқан 2343 тарихи-мәдени нысан туралы мәлімет, фото және бейнематериалдар жүктелетін болады.

ҒАЛЫМЖАН ОСПАНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Қазіргі таңда біздің осы электронды картаға күн сайын 20-25 адам кіріп, көріп отыр. Қызығушылықтарын танытып отыр. Біз де барлық жерге мәліметті жан-жақты беріп жатырмыз,  бізде осындай электронды сайт бар, электрондық карта бар, содан жаңағы мәліметтерді көре аласыздар деп.

Электронды картаның тұрақты қолданушылары – жастар. Олар жобаның өлке тарихын тереңірек тануға мүмкіндік беретінін айтады.

САМАЛ САҒЫМБАЕВА, СТУДЕНТ:

- Керекті ескерткіштің бәрін табуға болады жәнеде оның қайда орналасқанын, суреттерін көруге болады. Шет елге барып, оған көп ақша жұмсағанша осы Қазақстанды аралап көрген дұрыс және өзімізге тиімді.

Енді алыс-жақын шетелдерден келген туристер аймақтағы нысандар туралы аз-кем ақпаратпен таныса алады. Саяхатшылар үшін әйгілі Көлсай, Шарын шатқалы, Айғайқұм, Таңбалы тас сияқты көрікті жерлерге жету жолдары туралы мәлімет те картаға ендіріледі. Тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығы мен облыстық туризм басқармасы осындай меморандумға қол қоймақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер