Қазақ әліпбиінің түбегейлі латын графикасына көшуі оң өзгерістерге бастама болары хақ. Алдымен, жаһандану заманына еркін бойлауға мүмкіндік болады, екіншіден, түркі халықтарының арасындағы қарым-қатынас арта түседі. Өзбекстан Жазушылар одағының ғалымдары осындай пікір айтады. Мектеп қабырғасында Әуезовтың «Абай жолы» арқылы қазақтың түп тамырын таныған жергілікті Жазушылар одағының төрағасы әліпбидегі ұқсастық халықтар ынтымақтастығын арттырып, Орта Азия елдері әдебиетінің одан әрі дамуына ықпал етеді дейді.

МУХАММАД-АЛИ АХМЕДОВ, ӨЗБЕКСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Қазір Алматыда кітап басылып шықса, біз бұл жерде еркін оқи береміз. Бізде басылған кітапты Астанада  алып оқиды. Бұл бауырлас халықты одан әрі біріктіру мақсатында жасалған ерекше қадам деп ойлаймын. Енді жастарымыз газет-кітаптарын еркін оқи береді. Бұл тіл мен халықтың тұтастығын арттыру жолында қызмет ететін жаңа бастама болмақ.

Тілдегі ұқсастық таным көкжиегін арттырады. Қазақ тілі латынға көшсе, қос елдің оқырмандары ұлы классиктердің туындыларын аудармасыз-ақ оқи береді. Яғни, ұлы Абай мен Айбектің, Мұхтар Әуезов пен Абдулла Кадридің, Сәбит Мұқановтың салған сара жолын жалғастыруға болады. Жазушылар Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында шығыс ақындарының анталогиясын  қазақ тілінде, тиісінше келесі жылы қазақ поэзиясының антологиясын өзбек тілінде шығармақ.

КЕҢЕСБАЙ КӘРИМОВ, ҚАРАҚАЛПАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Түркі халықтары бір-бірімен тілдері жақын халық. Ертең жазуында да айырмашылық аз болады. Қазақ тіліндегі латын графикасы ыңғайластырылған жазу 32 әріптен тұратын болса Қарақалпақ тіліндегі реформа жасалған латын графикасындағы жазу бұған тым жақын келеді. Мен қазір ғана көріп шықтым демек халықтар бірін-бірі түсінеді. Бірінің көркем әдебиетін, тарихын оқиды. Жастар, келешек ұрпақ қиналмайды. Бұл өте үлкен тарихи өзгеріс болды, деп есептеймін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер