«Ұлы дала елінің даналық жауһарлары!». Елордада осылай аталған көрмеде барша түркі әлеміне ортақ ғұлама тұлға Қожа Ахмет Ясауидің еңбектері қойылған. Мұнда сопылық поэзияның негізін қалаушы, ақын, философтың Орталық Азия елдерінің жалпы мұсылман жұртшылығының ерте заманнан бері мән-маңызын жоймаған құндылықтары жайлы ой-толғаулары мен зерттеулері толық тізбектеліп көрсетілген.

БЕРІК БАЙБОЛОВ, «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚОРЫҚ- МҰРАЖАЙЫ» ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:  

 - Бұл кітаптың аты «Мағарыш унубат» деп аталады. Үш бөлімнен тұрады. Бұл кітап Орта Азия мен Қазақстандағы мұражай, кітапханаларында мүлдем бірінде кездеспейді. Өзіміздің көне түркі тілінде жазылған. Пайғамбарымыз Мұхамедтің балалық шағынан бастап дүниеден озған және соңынан ерген сақабалары жөнінде толыққанды деректер беретін кітап.

Көрмеден орын тепкен үш мыңға тарта қолжазбаның барлығы – түпнұсқа. Дені қалың жұрт назарына тұғңыш рет ұсынылып отыр. Туындылар  бірнеше бөлімге топтастырылды. Алғашқысында Ясауи нәр алған Құран, хадис, тәфсирлер кітабы орналастырылған. Кейінгі лекте ғалымның Қазан, Ташкент, Бұқара, Самарқанд баспаларынан шыққан мұрасы мен іліміне қатысты. Сондай-ақ ұлы тұлғаның соңынан ерген шәкірттерінің жарық көрген шығармалары жайғастырылған.

ӘМІРҚҰЛ ӘБУОВ, ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖӘНЕ СИРЕК КІТАПТАР ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Ерекше атап өтетін құнды кітаптар бар. Мысалы, «Тіршілік көзінің тамшылары» немесе «Рашалхати ауналхаят деген кітапта Орта Азия тарихы туралы жазылған. Яхни орта Азия тарихындағы бірінші мәдениет қалай келді, ислам қалай келді. Бұл кітап жақсылықпен жамандықтың айырмашылығын ашатындай.

ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген асыл жауһарлары Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен киелі Түркістан шаһарының көріністерінен сыр шертер фотосуреттер де экспозициядан орын алды. Келушілер ұлы тұлғаның қолданған шамшырағы мен мөрінің көшірмесін көрді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ғалымның араб, парсы тілдерінде жазылған еңбектері қазақшаға аударылып, электрондық нұсқалары шығарылатын болады. Сондай-ақ, бұл даналық жауһарлары Қожа Ахмет Яссуидің 850 жылдық мерейтойының аясында көшпелі түрде еліміздің өзге аймақтары мен Орталық Азия елдеріне таныстырылмақ. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер