Алтын Орданың астанасы, қазақтың жеті бірдей ханына ақорда болған көне шаһар енді аспан асты музейіне айналмақ. Атырау облысындағы ежелгі қалашық Сарайшықты туристік кешенге айналдыру үшін бірнеше жұмыстарды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Кешенге алдымен Ұлы жібек жолы бойындағы қалалардан табылған жәдігерлерден тұратын көрме залдары орналастырылып, 15-16 ғасырларға тән тарихи ескерткіштер қойылады. Сонымен қатар, мәжіліс залдары мен кітапхана жұмысы іске қосылады. Көне жәдігерлерді қалпына келтіретін реставрациялық шеберханалар салу да жоспарда бар. Тарихи-мәдени орындарды туристік ошаққа айналдыру арқылы, аймақтың ішкі және сыртқы туризмін дамытуға болады. 

МӘЛІК АМАНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Сонымен бірге Сарайшық ауылына келушілерге арналған визит-центр деп атаймыз оның да құрылыс-сметалық құжаттамалары бітіп жатыр. Енді құдай қаласа жобалық-сметалық құжаттарын аяқтап құрылыс-монтаж жұмыстарын 2018 жылдың екінші жартысында бастаймыз ба деп жоспарлап отырмыз.

Ал Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде бес мың жылдық тарихы бар жәдігерлерді жинақтап, «Қасиетті Қазақстан және археология» залы ашылмақ. Музейдегі жаңа экспозициялар залынан ежелгі Шірік Рабат, Сығанақ, Жанкент, Жент қалашықтарында қолданылған тұрмыстық және әшекей бұйымдарды көруге болады. Әсіресе орта ғасырлық шаһарлардан табылған 400-дей дана алтын, күміс теңгелер музейдің басты құндылықтары қатарында.

АСХАТ САЙЛАУ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасында 5 топқа жіктелген тұғын ескерткіштер. 1-ші табиғи мұралар, 2-ші археологиялық кешендер, 3-ші діни-ғибадат орындары, 4-ші жеке тұлғаларға арналған нысандар және саяси оқиғаларға байланысты нысандар. Енді осы 5 топқа жіктелген нысандар бойынша 4 витринаға орналастырдық.

Қызылорда облысынан жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне 12 ескерткіш, ал өңірлік деңгейге 25 тарихи-мәдени ескерткіш енгізілген.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер