Жамбылдық ғалымдар латын графикасының әдістемесін жасақтау бағытындағы жұмыстарға белсене кірісті

Жамбылдық ғалымдар латын графикасының ғылыми негіздемесі мен әдістемесін жасақтау бағытындағы жұмыстарға белсене кірісті. Тараз Мемлекеттік Педагогикалық университетінің базасында кафедра құрылып, жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Тіпті халықаралық ғылыми-парктикалық конференция ұйымдастырылып, латын әліпбиін қолданатын елдердің ғалымдары мен қазақстандық тіл мамандары бас қосты.

ААРОН ДУГЛАС, ФРАМИНГАМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МАМАНЫ /АҚШ/:

 - Тарихта кез келген елде алфавитке қатысты қиындықтар болатыны белгілі. Бірақ тіл реформаларында кез келген сәттілік салыстырмалы болатынын де ескеру керек. Егер алғашқы бірнеше жыл ішінде енгізілсе, проблемалар мен кедергілер азаяды. Бұл өтпелі кезең. Оны қазақ елі оңай еңсереді деп ойлаймын.

Тіл мамандары дамыған 30 елдің қатарына ену үшін үлкен рухани даярлықпен бару керек дейді. Айтуларынша, әлемдік деңгейдегі ақпаратты алуға жаңа әліпби жеңілдік әкелмек.

ДӘРИЯ ҚОЖАМЖАРОВА, ТАРМПУ РЕКТОРЫ:

 - Графикаға көшу, алфавитті қолдану, оны оқыту, оны жаңа қаріпте жазу. Емлемесі бар. Оның орфоэпиясы, орфографикасы бар. Осы мәселелердің барлығы негіздеме, методологиялық ғылыми қолдану негіздемесі болмаса, әрине ол жәй сөз болып қалуы әдбен мүмкін. Сондықтан да бүгін біз ғалымдардың ортасында бірден бір шешілетін мәселе осы.

Тараз педагогикалық университетінде жақында ғана ашылған кафедра бұл бағытта бірқатар сауалнама жүргізіп, тәжірибе ретінде студенттерге диктант та жазғызып көрген. Тіл реформасын сәтті жүзеге асыру үшін қазақстандық білім моделін құруға айрықша назар аудару қажет, дейді мамандар.