Өзбекстандық мамандар латын қарпіне көшу бойынша тәжірибе бөлісуге дайын. Бұл мемлекет тіл реформасына 1993 жылы кіріскен. Ал Қазақстан кезең-кезеңмен 2025 жылға дейін көшуді жоспарлап отыр. Түркі әлемінің тілдік нормаларындағы сәйкестіктің негізін латын графикасы арқылы айқындай аламыз, дейді өзбекстандық студент Мухамадхон Махмудов. Ол кирилл әріптерімен жазылған мәтінді латын қарпіне көшіретін бағдарлама ойлап тапқан. «Tранслитератор MJA» деп аталатын жоба дауысты дыбыстардың дұрыс жазылуын көрсетеді.

МУХАМАДХОН МАХМУДОВ, ӨНЕРТАПҚЫШ /АУДАРМА/:

 - Біздің бағдарламада екі таңдау болады. Бірінші жіңішке дыбыс. Екінші жуан дауысты дыбыс. Компьютерден дұрыс жазу дегенді басасыз. Ары қарай ойынды жалғастыра бересіз. Бағдарламаның өзі соңында сөйлемнің дұрыс жауабын көрсетеді.  Осылай  қатесіз жазылғанын таңдайсыз.

МАДАМИН МАДАЗИМОВ, ӘНДІЖАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ РЕКТОРЫ:

 - Студенттер мен оқытушылар арасындағы байланыс білім бағдарламасын жақсартуға мүмкіндік береді. Оған қоса оқу үрдісін тиімді деңгейге көтереді. Бірлескен семинарлар мен ғылыми журналдар ашып, ортақ конференция ұйымдастыруға болады. Қашықтан басқару жүйесі арқылы телемедицина мен бейне конференция негізінде көрші елдің профессорлары мен ғалымдары біздің шәкірттерге дәріс оқиды. Тиісінше өзбекстандық мамандар қазақ жастарына өз тәжірибесін үйретуге мүмкіндік алады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер