«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел өңірлерінде игі жобалар іске асырылуда. Мысалы, Павлодар облысында тағы бір тарихи-өлкетану музейі ашылады. Мақсұтбек Көпжасаровтың музейді ашуға өз үлесін қосуға ниетті. Оның шеберханасында ғасырлық тарихы бар көне заттар жетерлік.

МАҚСҰТБЕК КӨПЖАСАРОВ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ:

 - Ауылдық жерлерде бар ғой ескіліктер, құнды нәсрелер. Бәрі жиып, тапсырады деп ойлаймын. Өздері әкеп, мысалы, істетіп әкетіп жатыр. Әкесінен қалған, атасынан қалған нәрселер. Ондай нәрселер көп әкеліп жатыр. мысалы, ескі саптан етіктерге дейін әкеліпп жатыр.

Музей Баянауылдағы іргетасы 1985 жылы қаланған ғимаратта орналасады. Онда әр жылдары мектептер мен гимназиялар болған.

АЛТЫНБЕК ҚҰРМАНОВ, ӨЛКЕТАНУШЫ:

 - Осы ғимаратта елімізге әйгілі, танымал тұлғалар Жүсіпбек Аймауытов, Ермахан Бекмаханов, Әлкей Марғұлан, халық жазушысы Қалмұхан Исабаевтар қабырғасында дәріс алған.

«Қасиетті Қазақстан» жобасына облыстағы 78 мекеннің тізімі әзірленген. Олардың басым бөлігі Бұқар жырау, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қаныш Сәтбаевтай қазақтың дара тұлғалары туған осы топыраққа тиесілі.

ҚАЙРАТ САРБАСОВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Киелі орындарды абаттандыру, қоршау, оған белгі қою - өте үлкен жұмыс. Сондықтан, аудандық бюджеттен 3 млн. теңге қаржы бөлініп, қазір 28 нысанға тас белгісін үш тілде, ағылшын, қазақша қояйын деп отырмыз.

Өңір халқы есімдері қазақ даласына мәшһүр болған тұлғалардың мерейтойларын атап өтуге әзірлік үстінде. Бұқар жыраудың - 350, Мұса Шормановтың - 200, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 160 жылдығы мен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдық мерейтойы кеңінен тойланады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер