"Қазақ әліпбиінің бекітілген соңғы нұсқасы қолдануға ыңғайлы". Бұл – мемлекет және қоғам қайраткерлерінің ортақ ой-пікірі. Өз ойларын ортаға салған ғалымдар, қоғам қайраткерлері «жаңа әліпбиде жазып-сызудың қиын болмайтынын» жеткізді. Бұл, әсіресе, «латын әріптерін күнделікті қолданып жүрген жастарға оңайға соғады»-дейді олар.

МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

 - Елбасы «2050» стратегиясын жариялаған кезде ол кісі 3 мәселені анық айтты. Біріншіден, «2025 жылы Қазақстанның халқы түгел латын әліппесіне көшеді»- деді. Екіншіден, «2025 жылы Қазақстан халқы түгел мемлекеттік тілде сөйлейді»-деді. «2025 жылы Қазақстан Қазақ елі аталады»-деді.  Мен ойлаймын, біз осы жолмен жүруіміз керек.     

ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ:

 - Бұл жалпы халықтық жұмыс. Өйткені біз жазудың жаңа мәдениетіне, ойлаудың жаңа мәдениетіне, ақпараттың жаңа мәдениетіне өтуіміз керек. Ол не үшін керек? Өркениеттің үрдісіне ену үшін керек.

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіруді алыс және жақын шет елдердегі диаспора өкілдері де қуанышпен қарсы алды. Еуропаға танымал қазақ дәрігері медицина ғылымдарының докторы Жәдік Шенолдың айтуынша, Қазақстанның мұндай қадамы сырттағы қандастарға да үлкен көмек болғалы тұр.

ЖӘДІК ШЕНОЛ, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

 - Болашақта бүкіл латын әрпі енгізілсе, сол бүкіл елімізге, елімізден сыртта жүрген диаспораға да өте үлкен көмек, оңай болады. Мысалы осындағы диаспора да Қазақстанда болып жатқан жағдайларлан хабар болуы керек, сондай сұраныс бар. Өзіміздің тарихымызды оқуымыз керек. Тарихымызды қазір оқиық десек, сол Қазақстаннан кітап жіберсе, жазбаша деректердің барлығы кирилицца. Соның бәрін осындағы ағайындар түсіне алмайды. Олар түсіну үшін латын қарпі болса, өте оңай және керемет болатын еді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер