Ұлттық сана тақырыбына арналған қазақстандық қылқалам шеберлерінің көрмесі. Тәуелсіздік сарайының галерея залында ашық есік күні өтті. Келушілер назарына ел тарихынан сыр шертетін оқиғалар бейнеленген еңбектер ұсынылды. Экспозиция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірленді. Бұл залда барлығы 100-ден астам туынды қойылған. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары, ауыл өмірі, тұрмысы көрініс тапқан еңбектерге, әсіресе, шетелдіктер аса қызығушылық танытады. Картиналардың ортақ тұсы – қазақ халқының рухани болмысы,-дейді өнертанушы Тілеукеш Жауғасова.

ТІЛЕУКЕШ ЖАУҒАСОВА, ӨНЕРТАНУШЫ:

 - Белгілі қазақстандық шеберлер Ақтоты Смағұлова, Рашид Құлбатыровтың «Жайлауда», «Шығарып салу», «Көш», қазақтардың ертедегі батырлар бейнесі сондай суреттерімізді қойып отырмыз. Тәуелсіздік сарайында қылқалам шеберлерінің ғана емес, қолөнершілердің де, шет ел суретшілерінің де көрмелері өтіп жатыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер