Павлодар облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы асяныда 44 жоба әзірленді

Павлодар облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы асяныда 44 жоба әзірленді

Павлодар облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы асяныда 44 жоба әзірленген. Олар «Ақпарат толқыны», «Атамекен», «Рухани қазына», «Тәрбие және білім» деп аталатын төрт бөлімнен тұрады. Ал «Қасиетті жерлерге саяхат» жобасы бойынша өңір жастары әлеуметтік желілер арқылы «Павлодар облысының киелі мекендері» атты аккаунт ашып, туристік маршруттар әзірлеген. Өткен жазда облыстың белсенділері Баянауыл ауданындағы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Ақкөл жайылмадағы Исабек Ишанның және Ақтоғай ауданындағы Естай Беркімбаевтың кесенесіне барды. Мұндай жобалар әсіресе өзге ұлт өкілдерінің қызығушылығын тудырып жатыр. Аталмыш мемлекеттік жоба аясында әлі талай игі істер атқарылмақ. Тіпті екібастұздықтар «Қазақфильм» киностудиясымен әріптестік те орнатыпты. «Алтын қордан» алынған үздік 12 көркем фильм қала тұрғындарына айына екі рет тегін көрсетіледі.

ВИКТОРИЯ КАМАЛЕТДИНОВА, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЖОБАЛЫҚ ОФИСІНІҢ ӘДІСКЕРІ:

 - Студент жастарды қатыстырып отырмыз, олар жаңағы фильмді көріп қана қоймай, фильм аяқталғаннан кейін режиссер осы фильмді түсіру барысында қандай мақсат көздеді немесе белгілі бір кейіпкердің осындай бір шешімін, қылығын сендер қалай бағалайсыңдар деген тақырыпта түрлі сұхбаттар жүргіземіз. Бұл жердегі мақсатымыз - жастарды мемлекеттік тілде өз ойларын білдіруге тарту, шақыру.